Бүгінгі күнде мемлекетіміз әлеуметтік салаға жеткілікті назар аударып отыр, себебі өзгелерге қамқор болудан, көмекке мұқтаждарды қолдап, дер кезінде көмек көрсетуден басқа маңызды нәрсе жөқ. Заманауи әлеуметтік саясат-мемлекетіміз дамуының басымдық бағыты, оның назарының орталығында - халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарының, әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жақсартуға мақсатты түрде бағытталған шараларды жүзеге асыру. Міне, біздің де Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығымыз да мекемеде тұратын арнайы әлеуметтік қызмет алушылардың өмірі мемлекеттік стандарттарға сай болуы үшін барлық мүмкіншілік жаратуда. Біздің басты мақатымыз-мекемеде тұрушыларға қолайлы жағдай жарату және сапалы оңалту шараларын өткізу.
Біздің сайтымыздың беттерінде қоғамдық ұйымдармен, басқа адамдардың мәселеперіне бей-жай қарамайтын тұлғалармен жемісті әріптестік орнатамыз деп үміттенеміз. Біздің сайтымыздың жұмысы басқа Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарымен, әлеуметтік салада істеуші жақын және алыс шетелдегі әріптестермен жағымсыз кедергілерді жоюға көмектеседі.
Сайт Сіздің кәсіби салаңыз бен күнделікті өміріңізде сенімді досыңыз және көмекшіңіз болады деп шынайы үміттенемін.
Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Астрахан ауданы, Первомайка ауылы арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры Сулейменов Т.М.