ЦЕНТР ОКАЗАНИЯ СПЕЦИАЛЬНЫХ СОЦИАЛЬНЫХ УСЛУГ
СЕЛО ПЕРВОМАЙКА, АСТРАХАНСКИЙ РАЙОН
WWW.PMSU.AKMOL.KZ
Акмолинская область Астраханский район село Первомайка улица Мира 31
8(71641)29-630; 8(71641)29-624
kgupervomaykamail.ru

Жұлдызды сәт

          2019 жылдың 31 қазан күні Шортанды ауылында Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының Қазақстандағы Жастар жылына арналған финальдық «Жұлдызды сәт» гала концерті болып өтті.

          Концертке АӘҚКО арнай әлеуметтік қызмет алушылары мен қызметкерлері қатысты.

          Концертке қатысу үшін Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басшысының МӘМ бөлімі бойынша орынбасары А.Д.Исахметова басқарған арнайы әділқазылар ең үздік қойылымдарды таңдап алған еді.

          Концерт барысында әндер шырқалып, тақпақтар айтылды, би мен театрлық қойылыдар көрсетілді, аспаптық композициялар тыңдалды.

 

 

 

  Көкштау қаласының АӘҚКО шуылды аспаптар оркестрінің ойнауы ду қол шапалақпен қарсы алынды.

  Первомайка ауылының АӘҚКО көрермендер назарына АӘҚ алушылар мен орталықтың қызметкерлері орындаған «Қара жорға» биін ұсынды.

 

Мельченко Валентина «Улыбка» тақпағын айтты.

 

          Мерекелік шараның соңында Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Ахметжанова Д.К. барлық концерт қатысушыларын құттықтап, атап өтілген қойылымдарға Алғыс хаттары мен кішігірім сыйлықтарын тапсырды:

Жүлделі орындар – Гранпри және 1 орын – Жолымбет ауылы, 2 орын – Макинск АӘҚКО, 3 орын Шаңтөбе ауылының АӘҚКО.

Первомайка АӘҚО «Ең үздік сәндік-қолданбалы өнер көрмесі үшін» Алғыс хатымен және құнды сыйлықпен марапатталды.

 

  Мәдени ұйымдастырушы: Качановская В.А.